Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СОЗАҚТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СОЗАҚТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек и дерево
Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, аялдамаларды, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ пен арық бойларына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ әр мекеме қызметкерлері Шолаққорған ауылында орналасқан “Жастар саябағына” жұмылдырылып, саябақ аумағын абаттандыруға атсалысты. Аяқ жолдарды ретке келтірді. Қураған шөптерді отап, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Возможно, это изображение 9 человек, дерево и трава
Бүгінгі сенбілікке екі мыңға жуық адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. 35 шақырым көше бойлары мен 18 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 18 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 78 тоннаға жуық қоқыс тасымалданды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу