Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда Қормен шартқа отырған жеке клиникаларда консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға болады.
Ол үшін өз емханаңыздан жолдама қажет. Медициналық қызмет көрсетушілердің тізімімен Қор сайтына кіріп, «МӘМС-гид», ары қарай «Пациенттер үшін», содан кейін «Клиниканы таңдау» батырмасын басу арқылы танысуға болады (https://fms.kz/osms-guide/patient/vybrat-kliniku/).
Шымкентте 189 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді. Оның 34-і мемлекеттік, 155-сі жекеменшік медициналық ұйымдар.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Еңбастысы халықтың таңдау құқығы бар.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент#