Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 21 382 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 13 220-сы жалпы пайдалану орындарының ластануы, 5382-сі абаттандыру ережелерін бұзу және 3570-і жол жамылғысының ластану фактілері. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.
© Didarbek.kz