Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАЛА ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАЛА ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Отырар”, “Шауғар” тұрғын алаптарындағы кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и отдел новостей
Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, жұмыспен қамту, үйіргелік жер кезегі, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселелері көтерілді. Кей сұрақтар бойынша тұрғындарға заң талаптары түсіндірілді.
Қабылдауға кірген 13 азаматтың өтініштері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Келесі кезекте әрбір сұрақ-өтініш бойынша заң шеңберінде жұмыстар жүргізілетін болады.
Қабылдауға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, қалалық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары Бекахмет Абусейітов, Ғалымжан Худияров, Жамила Сүлейменова, Самат Рысбеков қатысты.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Жалпы жыл басынан бері 95 азамат шаһар басшысының жеке қабылдауында болып, нәтижесінде 112 тапсырма белгіленген болатын. Оның 109-ы орындалып, 3 тапсырма орындалу сатысында.
© Didarbek.kz

Пікір жазу