Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕНТАУДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРГЕН 20 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

КЕНТАУДА ТҮНГІ УАҚЫТТА ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРГЕН 20 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондаучаскелік полиция инспекторлары жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
‍♂️Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасап, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекетсіз жүретін жасөспірімдерді анықтап, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алды.
Мәселен шара кезінде кәмелетке толмаған 20 жасөспірім жеткізіліп, 13 ата-ана мен ойын-сауық орындарының иелеріне шара көрілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу