Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

Кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының өсуіне, сол арқылы халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нет описания фото.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бастап «капитализм» бағытын ұстанып, жеке кәсіпкерлік өте қарқынды дамып келеді. Сол арқылы отандық өнімдер пайда болып, ел экономикасы нығая түсуде. Бұл бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті бастаушыларға, ірі кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдаулар да орасан.
Қазығұрт ауданы Түркістан өңіріне аграрлы бағытты ұстанған аудан ретінде танылып кеткен. Дегенмен, соңғы жылдары Қазығұрттың кәсіпкерлік бағыты да қарқынды дамып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдауларды ұтымды пайдаланып жүрген қазығұрттық кәсіпкерлер әртүрлі бағытта өнімдер шығарып жатыр. Соның бірі, Тұрбат ауыл округінде орналасқан ИП “Баходир” Safir Paint” кәсіпорыны.
Бұл кәсіпорын заманға сай құрылысқа қажетті заттар шығаруды қолға алған. Атап айтқанда, төселген тастар (брусчатка), көбік (пенопласт), сұйық травертин, бояу (эмульсия), термопанель-полифасад, архитектуралық декорлар жасаумен айналысады. Мұндай заманауи құрылыс заттарының кейбірі облыс бойынша тек Қазығұрт ауданында ИП “Баходир” Safir Paint” кәсіпорынында ғана өндіріледі. Атаулы өндіріс орынында 45 жұмысшы тұрақты, 20 жұмысшы жалдамалы тәртіппен жұмыс жасайды. Жылына 100,0 мың кв метр – брусчатка, 10,0 мың шелек (25кг) – травертин, 5,0 мың шелек (20кг) – бояу (эмульсия), 20,0 мың кв метр – архитектуралық декор, 25,0 мың куб метр – көбік (пенопласт), 40,0 мың кв метр – термопанель-полифасад өндіруге қауқарлы.
Возможно, это изображение 2 человека, литейный завод и текст
Атаулы кәсіпорынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы іс-сапармен барып, жұмысымен танысты. Өндіріс орынын аралап, жасап жатқан тауарларының түрлерін көріп, оң бағасын берді. Кәсіпорын иесімен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Кәсіпкер өз кезегінде өндіріс орынын кеңейтуді көздеп отырғанын айтып, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы кәсіпкердің жоспарын мақұлдап, жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу