Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСА КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСА КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Бүгінде қала аумағында 4500-ге жуық көше бар. Қала бойынша орталық 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл аудан әкімдіктерінің ұсынысымен қажетті 1048 көшеге жарықшамдарын орнату жұмыстары жоспарланған. Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жарықтандыруға басымдық берілуде.
Бүгінде Әл-Фараби және Тұран аудандары аумағындағы 60 көшеге бағаналар орнатылды.
Айта кетейік, 2021 жылы 107, 2022 жылы 105 ал, 2023 жылы 90 көше жарықтандырылған болатын. Қазір жарықтандыру жұмыстары ішкі орам көшелерде басталды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу