Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, мердігер мекеме өкілдерімен бірге аудан аумағын аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралау барысында Интернациональная көшесінің тұрғындары шағымданған мәселе бойынша нысан басына барды. Аталған аумақтағы тұрғындар – жаңадан құрылысы жүргізілген жаяу жүргіншілер жолына наразылығын жеткізді.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша, тиісті мекеме арқылы жаяу жүргіншілер жолының сапасы тексеріліп, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауында болған тұрғындардың мәселесі бойынша Темірлан тас жолы №40 үйдің ауласын аралады. Қоқыс жәшіктерін қоршау, аула аумағын тазалау, ағаштарды қырқу бойынша мамандарға тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Темірлан тас жолы №30 үй ауласындағы спорт алаңшасы биыл қайта қалпына келтірілетін болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу