Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында орналасқан құрылыс заттары сатылатын базарларды қала сыртына көшіру жұмыстары басталды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан қала сыртынан ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 75 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.Осыған орай, құм, шағал-тас, өзге де құрылыс заттары сатылатын базарлар көше бастады. Аталған жұмыстар барысымен аудан әкімі Б.Парманов танысып, тиісті сала мамандарына жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырды.
Сырым батыр көшесінде орналасқан ағаш базары аумағында 10-нан астам сауда нүктесі бар. 2-3 гектар аумақта 5 кәсіпкер ағаш сатумен айналысады.
Қазіргі таңда аталған ағаш базарын Бозарық шағынауданында орналасқан 5,3 гектар жер теліміне, жаңа базарға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазір қалада 19 базар жұмыс істейді. Олардың 15-де атап айтқанда «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай», «Акбар», «Ынтық ата», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна» базарларында жұмыстар аяқталған. Сонымен қатар, 4 базарда («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарын жүргізу туралы Жол картасы бекітілген. Осыған сәйкес «Алаш», «Самал» базарларын заманауи талапқа сай жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады. «Авто Нұр» мен «Қырғы базар» базарларында бұл бағыттағы құрылыс 2025 жылдың соңында атқарылады.
Еске сала кетсек, жыл басында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында базарларды модернизациялау, ретсіз және заңсыз саудамен күрес мәселелері талқыланған болатын. Сауда және интеграция министрлігімен базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасы әзірленіп, орындалуына тұрақты мониторинг жүргізілгендігін айтқан еді сала басшысы. Сонымен қатар, қала аумағындағы базарларды жаңғырту жұмыстарын тездету қажеттігі бар екенін айтып, келеңсіздіктер қала көркіне кері әсер етіп қана қоймай, халыққа қолайсыздық туғызатынын жеткізген.