Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт ұясы» тақырыбында Политехникалық колледжінің студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу және де тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз бен ұл баласының отбасындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының екі Заңына қол қойды. Біріншісі әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ал екіншісі сол саладағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу туралы.
Естеріңізге сала кетейік, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаларды қатаңдату жөніндегі аталған шараларды Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауларында баяндаған болатын.
Ұсынылған өзгерістер көпшіліктің қатысуымен талқыланды. Парламенттік палаталардың отырыстары шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері қатысты.
Бұрын нақтыланғандай, бас заң 15 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Қосымша қабылданған заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді көздейді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қорлағаны үшін (буллинг, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.