26 маусым — Халықаралық есірткімен күрес күні.
Жалпы елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы 3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар, синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсіндіреді.
Осыған орай Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті. Жиынға колледж студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Қызығушылық танытқандар арнайы мамандардың қабылдауында болып, кеңес алды.
Жалпы жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жыл сайын нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен де жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, медициналық мекемелердің бірігуімен аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткен.
Есірткіге тәуелділіктің бірден-бір себебі отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінен деп есептейтін Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев жиында
Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады.
Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ, — деді бас дәрігер.
Жиында студенттер дәріс тыңдаудан бөлек, емделіп, тәуелділіктен айрылған азаматтармен де тілдесті. Олар өздерінің қате басқан қадамдарын айта келе, өмірден опық жегендерін, сондықтан, бұндай қадамға бару болашақтарына балта шапқандықпен бірдей екендіктерін жеткізді.