Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК 36 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТҚА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК 36 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТҚА ӨМІР СЫЙЛАДЫ

36 жастағы Мұхаммад Тажиддиновқа жасанды жүрек осыдан 6 ай бұрын Шымкент жүрек орталығында салынған. Өткір жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқас оған дейін бірнеше рет клиникалық өлімге ұшыраған. 3 баланың әкесін аман алып қалудың жалғыз жолы жасанды жүрек салу болады. Білікті кардиолог-дәрігерлер оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттайтын отаны жасаған.
Көмекші механикалық құ­рылғы – шунттеу, клапандарды протездеу, кардиостимуляторды имплантациялау немесе дәрі-дәрмекпен емдеу сияқты басқа ем түрлері көмектесе алмайтын жү­рек ауруының ауыр немесе тер­ми­налдық сатысындағы па­циент­терге салынады.
Пациенттің айтуынша қазіргі таңда жағдайы жақсы және ентігуі басылып, қалыпты өміріне оралған. Көмекші механикалық құрылғы қан айналымын жеткілікті көлемде қамтып, жүрек жұмысын қалыпта ұстайды. Тек үнемі сымдары жүректегі аппаратқа жалғанған сөмкемен жүруі қажет. Аппаратты арнайы батареяларымен қуаттайды.
Жалпы, Шымкент жүрек орталығында соңғы 4 жыл ішінде МӘМС жүйесі есебінен 13 науқасқа жасанды жүрек отасы жасалған. Жоғары технологиялы медициналық көмек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан азаматтардың өмірін ұзартуға немесе жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Құны 77 миллион теңгені құрайтын күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалынады.
Айта кетейік, жүрек жұмысын ұстап тұруға арналған құрылғылардың басты мақсаты — пациенттің өмірін ұзарту, донор табылғанша адап өмірін сақтау. Ал «Carmat» іспетті аппараттар бұрынғы жүректі толығымен алмастыруға арналған. Оның қазіргі бағасы — 1 млн еуро.
Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 кг. Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі – стационарлық жабдық қажет емес.

 

Пікір жазу