Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫНЫҢ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР САЯБАҒЫНЫҢ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Арыс қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркіне ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, дерево и улица
Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қалалық аумақтарды таза ұстау болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген ұйымдар мен компаниялар бірлесіп, өз үлестерін қосты.
Бүгінде Теміржолшылар паркінің жарықшамдарына толықтай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жарықтандыру жүйесі қайта жаңартылды. Бұл жұмысты «Khazakh Real Stroy» ЖШС компаниясы атқарып, заманауи технологияларды пайдалана отырып, жарықшамдарды қайта жандандырды. Осы жаңартулардан кейін парк түнгі уақытта да жарық әрі қауіпсіз болды.
Айта кетейік, паркте демалыс аумақтары кеңейтіліп, жаңа отырғызылатын орындықтар, балалар ойын алаңдары және қаладағы тұңғыш скэйт парк алаңы іске қосылған. Бұл өзгерістер паркке келушілерге жанға жайлы демалыс аумағын қамтамасыз етті. Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін парк енді табиғатпен сырласуға, спортпен шұғылдануға және балаларымен бірге ойын ойнауға арналған сүйікті орынға айналды.
Арыс қаласының әкімдігі мен «Khazakh Real Stroy» ЖШС-іне алғыс білдіре отырып, тұрғындар осы абаттандыру жұмыстарын жоғары бағалап, паркті күтіп ұстауға өз үлестерін қосуға шақыралы. Қаланың жасыл аймақтары мен таза ауасын сақтап қалу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Возможно, это изображение 6 человек и улица
Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Теміржолшылар паркінің қайта жандандыруы Арыс қаласының келбетін жақсартып, тұрғындар үшін шынайы демалыс аймағына айналды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу