Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағы бойынша бектіліген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстар барысын арнайы барып, пысықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралау барысында аудан басшысы Бәйтереков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарын бақылады. Аталған аумақтың тазалық жұмыстарын жүргізуші жауапты мердігер «АРТД-Групп» тарапынан шөп ору, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, қалға кіреберіс аумағын гидроқұрылым жүйесін жөндеу жұмыстарының мән-жайымен танысып, жауапты мердігер мекеме өкілімен кездесті.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағына былтыр күзде 4 га жерге егілген көшеттерді суғару үшін жалпы ұзындығы 36 метр 6 науа орнатылуда.
Атқарылып отырған жұмыстар бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар ескертулер беріп, жауапкершілікпен бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде жұмыс атқаруды тапсырды. Сондай-ақ Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұловқа тиісті тапсырмалар беріп, бақылауды күшейтуді жүктеді.
© Didarbek.kz