Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛМЕДІ

2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛМЕДІ

2023 жылы нәрестелер өлімі 7,4% пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылы босандыру және балалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде перинаталдық көмектің 3-деңгейіне- № 2 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесі және қалалық перзентхана ауыстырылды. Сондай-ақ № 3 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды; Шымкент қаласында алғаш рет “Бір күндік клиника” бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение 5 человек, шахматы и детская игрушка
Қалалық клиникалық балалар ауруханасында медицина қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында “Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу” ресуртық орталығы ашылды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу