Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН АУМАҒЫНДА ОЙЫН АЛАҢДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН АУМАҒЫНДА ОЙЫН АЛАҢДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Табиғаттың тынысын ашып, қоршаған ортаны, тұратын ауламызды шаңынан қағып алатын сенбілік жұмыстарының маңызы зор. Бүгін, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика даңғылы 41а, 43а Молдағұлова көшесі 10, 12 үй аулаларында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Науқан барысында шөптерді ору, ағаштарды қырқу, иригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, жол жиектері, арықтар күл-қоқыстан тазартылды. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 10 арнайы техника, 150 ден астам адам жұмылдырылып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне тұрғындар да белсене көмек көрсетті. Сондай-ақ, балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен жерлері жөнделіп, жыртылған төсеніштері жамалды.
– «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.

Пікір жазу