Ол жерде ауданымыздың әдеп жөніндегі өкілі Е.Орманов әкімдік қызметкерлеріне жаңадан қолданысқа енген құмар ойындарға бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы Заң нормаларымен таныстырып, бүгінде лудаманияның қоғамда өсуіне жол бермеу туралы әңгіме өрбітті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қоса, Ербол Керімбекұлы жиында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу, әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізді.
© Didarbek.kz