Өтінімдер 2024 жылдың 1 тамызында сағат 9:00-ден бастап қабылданады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Талаптарға сәйкес, өтініш беруші мен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен, соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Айта кетейік, өтініштер «http://xn--ezekte-2pf.kz/» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
© Didarbek.kz