Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды аппарат ұжымына таныстырып, Түркістан облысын дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Ел сенімін ақтайтынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Ертай Алтаев 1984 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Мамандықтары: Туризм мененджері, құқықтану.
Әр жылдары мемлекеттік қызмет жүйесінің сатыларынан өткен, мемлекеттік қызметте 17 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінде жетекші маман, сондай-ақ сарапшы лауазымдарында қызметте болған. 2008 — 2011 жылдар аралығында аталған министрлікте министрдің кеңесшісі қызметін атқарған.
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде Арнайы жобалар секторының сарапшысы лауазымына тағайындалса, 2012 жылдан 2022 жылға дейін Ішкі саясат бөлімінде Талдау және әдістемелік-инспекциялық жұмыс секторының инспекторы лауазымын атқарған.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
2022-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміндегі Мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты және спорт секторының меңгерушісі лауазымында қызмет еткен.
© Didarbek.kz

Пікір жазу