Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ 300 ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАСҚОСТЫ

ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ 300 ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАСҚОСТЫ

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі Көктөбе лагерінде республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» лагері іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған республикалық іс-шарасы үш күнге жоспарланып, оған 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалалардан 300 белсенді жас қатысуда.
Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Әлімжанов Біржан мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сейтжанов Нұрсұлтан, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастардың басын біріктірген шараға арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты.
Шілде айының 25-27 күндеріне арналған іс-шарада «Úzdik tájirıbe» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы өңірлік үздік жобалар таныстырылымы өтіп, тимбилдинг ұйымдастырылады. Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өлкеміздің табиғатын қорғау мақсатында іс-шараға қатысушылар «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында тазалық жұмыстарына үлестерін қосады. «Speech time» республикалық жастар ұйымдары жетекшілерінің таныстырылымы өтіп, концерттік бағдарлама, би кеші жоспарлануда.
Возможно, это изображение 5 человек и люди улыбаются
Іс-шараның екінші күніне арналған жоспарға сәйкес, «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетудегі әріптестік: жастар мен мемлекет диалогтық алаңына жиналып, «Лудомания: қоғамға келген қатер» тақырыбында ҚР мәжіліс депутаты Руслан Берденов спикер болса, жастар арасында командалық ойындар (садақ ату, гір көтеру т.б) ойнатылады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу