Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Мақсаты- халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру.
Осы орайда, Төлеби ауданы тұрғындарының қатысуымен аудан аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
«Өнегелі ұрпақ» тақырыбы аясында қарттардың ауласы тазаланды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының төртінші аптасы басталды. «Өнегелі ұрпақ» тақырыбына ие болған бұл аптада ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделуде.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ» демекші, мемлекет дамуы үшін табиғатқа деген құрмет болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады.
Аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастар бойына отаншылдық, патриоттық сезім ұялату мақсатында өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауға наситтау жұмыстары қарқынды жүруде.
Бүгін, Ленгір қаласының ішкі көшелерінде, Қасқасу және Алатау ауылдық округінде бағаналар мен қоршауларды сырлау, әктеу, қураған талдарды қырқу, алаңшалары тазалау жұмыстары жүргізілді.
Соынмен бірге, ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері ауылдық округтегі жалғызілікті қарттардың ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Қарттарға көмек қолын созған еріктілер бау-бақшасы күл – қоқыстан тазалап, тырмалап, жеміс ағаштарының қураған бұталарын қырқып, тұрғын үйдің қас бетін әктеді. Бау –бақшасына ағаш, гүл көшеттерін егіп, ауласын абаттандыруға көмек берді.
Апта бойы тақырыпқа сай, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделуде.
Халқымыз қариясын сыйлап, «Қарты бар үйдің қазынасы бар», деген. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Аудан жастары дәстүрді сақтай отырып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» тақырыбымен Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің тұрғындары Жұмат қарияның, Жұбайхан әженің аулаларында тазалық шараларын жүргізді.
Ғасыр құрдасы атанған Жұмат қария ауласының шөбін орып, ағаш әктеп, оны көркемдік геометриялық кескінге сай өрнектеп, бау-бақшасын суарып берген тұрғындарға, көмек қолын созуды ниет еткен жандарға алғысын жеткізді. Жұбайхан әже өз кезегінде ауласын абаттандыруға көмек берген азаматтарға ризашылығын білдірды. Жастарды өнегелі өсиет пен ақыл-кеңесіңізбен тәрбиелеп, еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосқан қарттарға көмек беру, тазалық шараларын жүргізу жұмыстары жалғасын табады.
Сенбілік аясында осы уақыт аралығында қаншама жұмыстар атқарылып, айналамыз таза болып, әсемдене түскендей. Сенбілік аясында өзен, бұлақ, көше бойлары тазаланып, ағаштар бұталды, тал-шыбықтар отырғызылып, гүлдер егілді. Қасбеттер әктеліп, ескіргені бұзылды, қоқыстар шығарылды. Осы аптаның басынан аудандағы қарттарымыздың үй жұмыстарына қолғабыс етіп, көгалдандыру жұмыстарын жасап жатырмыз.
Бұл жұмыстарға еріктілер, жастар, түрлі ұжымдар, жалпы аудан тұрғындары атсалысып, сенбіліктің жалпыхалықтық аталуына өз үлестерін қосты.
Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары әлі де жалғасын табуда.
Ал, аудан жастары Ленгір қаласындағы «Ардагерлер үйі» мекемесінің аумағында тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жастар «Ардагерлер үйінің ауласын ғана емес, саябақ маңын, Ленгір қаласындағы ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтардың жеке үй жайларын күл-қоқыстан, бақшаны арам шөптерден тазартты. Ағаш, гүл көшеттерін егіп, оны қопсытып, әктеп, суарды.
Апта бойы тақырыпқа сай, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Акцияға Төлеби ауданының жұртшылығы да өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.