Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Спорт кешенін салу —  Мемлекет басшысының өңірде заманауи спорт инфрақұрылымын құру жөніндегі тікелей тапсырмасы. Ос ыорайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады.
Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 2024 жылға 363,6 млн теңге қаржы қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 30 млн теңгесі игерілген.
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын қадағалап, сапасын да бақылады. Жастарды спортқа баулып, салуатты өмір салтын ұстануға негізделген жобаның маңыздылығын атап өтіп, жауапты мердігер мекемеге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді. Техникалық және авторлық қадағалаушы мекеме басшыларына спорт кешені ғимаратының құрылысына қатысты сұрақтар қойып, жауапты тұлғаларға жобаға мұқият болуды ескертті.

Пікір жазу