Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТІ ОН ҮШІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТІ ОН ҮШІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ

Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары Сержан Дүйсебаев, Бақберген Құралбаев, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ең бірінші аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/51-VIII «2024-2026 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Аудандық бюджеттің 2023 жылғы орындалу барысы жөнінде тексеру комиссиясының мүшесі Серік Ахметов баяндап, депутаттар талқысына түсті. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIII «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімі өзгертілді.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы 5 мамыр күні өткен сайлау нәтижесі бойынша Қаратөбе ауылдық округінің жаңа әкімі болып сайланған Асабай Бекжігітұлы Балтабаевты таныстырып, ел игілігі жолындағы атқаратын еңбегіне табыс тіледі.

Пікір жазу