Төлеби ауданында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда. Төлеби ауданы әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және елоді мекендерді аралау барысында тұғындардың тарапынан түскен өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде азаматтардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған қабылдауда азаматтар көшені жөндеу, ретке келтіру, лоток, жарық, ауыз су, көпір мәселелері, жеке тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына байланысты материалдық көмек сұрады. Аудан басшысы әр азаматпен жеке-жеке сөйлесіп, азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелді. Қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Барлық өтініштер аудан басшысының жеке бақылауында.
Ұйымшыл елді мекенінің тұрғыны Ж. Қойшыманов түнгі жарық орнатуды сұранып, жауынды күндері су арыққа сыймай ағуына орай, суағар орнатып, канал бойындағы көпірге қосымша плита қойып, балалар ойын алаңшасын орнатуды өтінді. Сондай-ақ, ауылдың кіреберіс қақпасына қойылған аркадағы жазуды бұзақылар сындырып кете беруіне байланысты бейнебақылау камераларын қоюға көмек сұрады.
Ленгір қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің ашылғанына 70 жыл толуына орай мерекелік жиын ұйымдастырылып жатқанын айтқан қала тұрғыны А.Оразалиев зейнеткер ұстаздарға құрмет көрсетіп, еселі еңбегін бағалау мақсатында арнайы марапатқа ұсынып, білім ошағының түлектері демеушілік көмек көрсетіп, спорт алаңын тұрғызуға қаржы бөлгенін, қазіргі кезде спорт алаңы үшін арнайы жер телімі қажеттігін айтты.
Қала тұрғыны Ұ. Абилдаева жеке тұрғын үйінің аппатты жағдайда болуына байланысты материалдық көмек сұрады.
Тасарық елді мекенінің тұрғыны А.Саттарова «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай ауданаралық байқауға Төлеби ауданының тарихы мен табиғатын, бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде ақпарат жариялағанын айтып, оның таралуына көмек беріп, пікір жазып, қолдауды сұранды.
Зертас ауылдық округ тұрғыны М.Тогусбаева мал шаруашылығын дамытуды қолға алғанын айтып, арнайы жер телімін бөліп, шағын кәсібін дөңгелетуге сала мамандарынан кеңес алды.
Ленгір қаласының тұрғыны Ж.Сүлейменова көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, қазір баспанасыз қалуына орай, уақытша паналайтын пәтер жалдауға көмек сұрады.
Қала тұрғыны К.Жұмағұлова өзінің туған сіңлісі С.Туреханованың тағдырдың жазуымен денсаулық жағдайына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарына қосылып, өздігінен жүріп-тұра алмай арнайы қоларбаға отырып қалғанын, екі баласымен пәтер жалдап тұру қиынға соғып жатқанын айтып, пәтер бөлуге көмек сұрады.
Ж. Шаудырбаева тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
«Самал» мөлтек ауданының тұрғындары жауындары күндері жеке тұрғын үй ауласына су жиналып үйдің астына кетіп жатқанын жеткізіп, мәселені шешуге ықпал етуді өтінді.
Кемеқалған ауылдық округ тұрғыны Р.Уркенова жер учаскесінің құжаттарын дер кезінде рәсімдемеуіне байланысты туындаған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан шешу жолдарын сұрастырды.
Ұзынарық елді мекенінің бір топ азаматтары құрылысы жүріп жатқан ауыз су құбырлары, Керегетас елді мекеніндегі Ұзын каналы бойынша толғандырған мәселелерін ортаға салып, сала мамандарымен бірлесе отырып, шешу жолдарын қарастырып, талқылады.
Ленгір қаласының тұрғыны М.Бағысбаева табиғи газ, ауыз су, 1 мөлтек аудандағы №17 және №16 көпқабатты үй тұрғындарының ортақ мәселелерін сөз етіп, мамандардан заң аясында шешу жолдарын сұрап, кеңес алды.
Қабылдауда айтылған әр өтініш бойынша хаттама түзілді. Қорытындысы келушілерге тапсырылады. Жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың мәселесін тікелей шешу мақсатында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы әр аптаның сейсенбі күндері жеке қабылдау өткізіп, кез-келген түйткілдің түйінін дер кезінде тарқатуға септігін тигізіп келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңінен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.
Төлеби ауданының басшылығы осы тұжырымдама негізіндегі жұмыстарын жалғастыра бермек.