Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС

КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша тоқталып өтті.  «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда, орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда қолайлы», — деді Президент.

Негізінде, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – бүгінде алдыңғы орынға шығарылып отырған мәселелердің бірі. Бұл — экономикалық өрлеу мен әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сондықтан, елімізде бизнестің жоғары деңгейде дамуы жолында түрлі жобалар қолға алынып келеді. Осы тұрғыда халық мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек.

Айта кетейін, бүгінде аудан тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы жоғары. Соның нәтижесінде, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы өткен жылға қарағанда саны бойынша жақсы өсіп келеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту экономиканы болашақта орнықты дамытудың міндетті талабы болып табылады. Төлеби ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жеке кәсібін жүргізуді мақсат еткендерге әкімдік тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Сөзіміздің дәлелі, Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахметжанов Сирожиддин Сайфиддинұлы шағын наубайхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Жеке қаражаты есебінен іске қосылған «Sayfiddin ata» наубайханасына кондитерлік өнім пісіретін арнайы пештер, үлкен тоңазытқыштар сатып алған. Наубайханада 8 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Күніне мыңға жуық нан өнімдерін пірісіп, дайын өніммен Ханарық елді мекенін толық қамтып, Оңтүстік ауыл, Көксәйек ауылдарыдағы дүкендеріне өткізуде. Бұған қоса, дәмі тіл үйіретін түрлі тәтті күлшелердің 9 түрін, кондитерлік өнімдер, торт дайындайды.
Нан өнімдерінің кез – келген түрін тапсырыспен пісіріп, той-думандардың көркіне айналған.
Наубайхана қызметкерлері тазалықты сақтап, талапқа сай қызмет етуде. Олардың еңбекпен өрнектелген өмірі көпке үлгі боларлық.
Наубайхана таңғы 7 ден кешкі 6 ға дейін жұмыс жасайды, жұмысшылардың күндік еңбек ақы 5 мыңнан 7 мыңға дейін. Кәсіпкер алдағы уақытта наубайхана көлемін үлкейтіп, нанның бірнеше түрін пісіріп сатылымға шығару аумағын көбейтуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу