Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР — «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР — «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, ал болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында түрлі реформаларды алға мақсат етіп қойды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді.
Осы орайда, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлік машықтандыру, робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника байқауы өтті. Лицей ғимараты күні бойы дарынды балалар мен жетекшілердің көмегімен басқарылатын ғажайып роботтар әлеміне айналды.
Ленгір қаласы, N°7 IT мектеп лицейі ғимаратына ұйымдастырылған конкурсқа 17 команда өтініш білдіріп, 10 команда қатысты. Түркістан облысының 10 ауданынан қатысқан жастарды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшының орынбасары Ескулов Пердебек Сержанұлы құттықтап, конкурстың өту тәртібі мен мақсатын түсіндірді.
Байқауға қатысушы жастар Arduino жиынтығымен машина құрастырып, оған бағдарлама орнатып, құрастарылған машина арнайы кедергілерден өтті. Білікті жастардың қабілетін шыңдап қана қоймай, жаңа идея тууына жәрдемдесуге бағытталған байқауға қатысушылардың еңбегіне әділ қазылар бағасын берді. Құрылғыны ойлап тапқан болашақ ғалымдардың еңбегіне сәттілік тілеп, жүзден жүйрік болып шыққан Төлеби ауданының жастары жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 мың теңге сыйақы алды. Екінші орыннан көрінген Кентау жастары 300 мың теңге, Бәйдібек ауданының жастары 200 мың теңгенің иегері атанды.

Пікір жазу