Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ТӨЛЕБИ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппарат мәжіліс өтті. Мәжіліс отырысында үш мәселе қаралды.
Су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарының барысы және үш жақты келісімнің орындалу жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Ауылшаруашылық саласының бес айдағы өнім көлемі 11 млрд 773,8 млн теңге, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 406,7 млн теңге. Тамақ өндірісіне тартылған инвестиция 1291,30 млн теңгені құрайды. Егістік көлемі 65636 гектарды құрап, 334 гектар аумаққа су үнемдеу технологиялары ендірілді. Егіс алқаптарын минералды тыңайтқыш (аммиак селитрасы, карбамид) үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізу межесі 2,2 мың тоннаға орындалды. 37 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңаланып, шаруа қожалықтарда мал басын асылдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандағы қоғамдық — саяси ахуал тақырыбы бойынша аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев баяндама жасады. Осы бағытта Төлеби ауданы аумағында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдарды жедел құлақтандыру және ақпараттық ден қою алгоритмі мен наразылық акциясы туындаған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер алгоритмі жыл басында аудан әкімімен қайта бекітілді. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси ахуал орын алған жағдайда халық алдына шығып сөз сөйлейтін беделді азаматтардан ауыл биі, ардагерлер, депутаттар, спорт шеберлері, белсенді жастардан жалпы 125 адамнан құрайтын спикерлердің тізімі жасақталған.
Төлеби ауданы аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жалпы 4 алгоритм мен 1 іс-қимыл схемасы 2024 жылдың 10 қаңтар күні аудан әкімімен бекітілген. Аудан аумағында күнделікті қоғамдық саяси-ахуалдың алдын алу мақсатында қала, ауылдық округ аумағындағы жалпы 72 ватсап әлеуметтік ортақ чаттар ашылып, іске қосылған. Аудан аумағында көтерілетін өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланып, орындалу барысы сөз болды. Жалпы аудан көлемінде этносаралық құқықбұзушылықтардың алдын алу және салдарын жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Аудандағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев хабарлады. Қазіргі кезде ауданда 7011 азамат жер телімінде кезекте тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында 5 елді мекеннің инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізуге, Момынай елді мекенінің (электр жүйесі, газбен жабдықтау) инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды. Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникациясының құрылыс жұмыстарын жалғастыруға қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Қапал батыр көшесі бойынан 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысына қаржы қарастырылды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылап, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың орындалуына жауапты мамандардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық саласындағы индикаторлардың орындалуы, белгіленген межеге қол жеткізу, қоғамдық – саяси ахуалды тұрақтандыру, құрылыс саласындағы жұмыстарды ширату тапсырылды.

Пікір жазу