Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ 300 ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

ТӨЛЕБИ ТӨРІНДЕ 300 ГЕ ЖУЫҚ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Адалдықтың тамыры терең бойлап, жапырағы жайқалған мемлекетте бірліктің берекесі кіріп, елдің өркендеуі қарыштайды. Осы ретте, Президент түркінің темірқазығына айналған Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ұлттық құрылтайда адалдық жайында өз көзқарасымен бөлісті.

Адал азамат болса, әділдік орнайды. Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды деп Жолдауының соңында Президентіміз әрбір азаматты қасиетті парызға адал болуға шақырды.
Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіндегі Көктөбе лагерінде республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» лагері іс-шарасы басталды. Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған республикалық іс-шарасы үш күнге жоспарланып, оған 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалалардан 300 белсенді жас қатысуда.
Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Әлімжанов Біржан мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сейтжанов Нұрсұлтан, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастардың басын біріктірген шараға арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты.
Шілде айының 25-27 күндеріне арналған іс-шарада «Úzdik tájirıbe» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы өңірлік үздік жобалар таныстырылымы өтіп, тимбилдинг ұйымдастырылады. Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өлкеміздің табиғатын қорғау мақсатында іс-шараға қатысушылар «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында тазалық жұмыстарына үлестерін қосады. «Speech time» республикалық жастар ұйымдары жетекшілерінің таныстырылымы өтіп, концерттік бағдарлама, би кеші жоспарлануда.
Іс-шараның екінші күніне арналған жоспарға сәйкес, «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетудегі әріптестік: жастар мен мемлекет диалогтық алаңына жиналып, «Лудомания: қоғамға келген қатер» тақырыбында ҚР мәжіліс депутаты Руслан Берденов спикер болса, жастар арасында командалық ойындар (садақ ату, гір көтеру т.б) ойнатылады.

Пікір жазу