Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ауданда сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды.
Возможно, это изображение 1 человек
Сессия отырысына аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы, ауыл округі әкімдері мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІI «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/63-VІІІ «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №25/126-VI «Отырар аудандық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы, Отырар ауданындағы қоғамдастық жиналысы мен бөлек жиындарының мәселелері туралы, 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай мен аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Мақсат Талғатұлы хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда бірауыздан шешім қабылданды.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу