Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БӘЙДІБЕКТЕ АБАЙ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

БӘЙДІБЕКТЕ АБАЙ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Абай күніне орай Бәйдібек ауданында «Ұлы Қазақтың — Ұлы Абайы» атты облыстық байқау бастау өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқауды Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов пен аудандық жастардың көшбасшысы Жамбыл Көрікбаев ашып беріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар сайысқа қатысушы таланттарға сәттілік тіледі.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жастардың бойында адалдық пен сенімділікті, отансүйгіштікті қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылық қабілетін ояту. Аталған сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен талант иелері қатысып Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін айтудан ІІ кезең бойынша сынға түсті.
Облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Қайрат, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Оспанова және Шаян мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Мамытова әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап берді.
Возможно, это изображение 2 человека, осветительное оборудование и текст
Сайыс қорытындысы бойынша Орынбасар Жақсыгүл, Сағындық Сұлтан, Қалауов Азамат, Абдирманова Айсара, Үсен Балқадиша жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен және қаржылай, ынталандыру сыйлықтары табысталды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу