Сіздерді «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында 14-15 тамыз аралығында Түркістан қаласында өтетін Арыс қаласының мәдени күндеріне шақырамыз! – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орта Азия қақпасы саналатын Арыс қаласының өнерпаздары үш күн бойы өңір жұртшылығы үшін күмбірлете күй төгіп, әуелете ән салып, дәстүрлі әндер орындап, ұлттық дәстүріміз бен спортымыз ұлықтап, мәдени маңызы зор шаралар ұйымдастыратын болады!
Келіңіздер! Көріңіздер!
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының өнерін бірге тамашалайық!
© Didarbek.kz