Aудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Сарыағаш қаласы Б.Қасымбеков көшесі №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығын және Бәйтерек көшесі бойында орналасқан 14 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту қазандығының дайындық жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Әйтеке би көшесіндегі, айтап айтқанда 3,4 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін жылыту қазандықтарында суды айдау құрылғылары және газ жанарғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, аудан басшысы Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесінен өтетін көп қабатты тұрғын үйлерге жалғанатын жылу құбырларының ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мекеме басшысына жылу құбырларын ретке келтіру жұмыстарының қарқынын артыруды тапсырды.
© Didarbek.kz