Кентау қаласында 2023 жылдың 7 айында интернет алаяқтыққа қатысты 27 дерек тіркелген болса, ағымдағы жылы азайып отыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Яғни биыл 9 қылмыс тіркеліп, ашылымы 64,2%-ды құрады. Мұның барлығы полиция қызметкерлерімен жүйелі жүргізілген профилактикалық іс-шараларының арқасы деп білеміз.
Бүгінгі таңда өмірімізді телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Осындай жағдайда интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінеді. Сондықтан интернет ресурстар арқылы алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Кентау қаласының полицейлері профилактикалық шараларды күшейтуде.
Тәртіп сақшылары тәуліктің 24 сағатында әрбір сала мамандарына, тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне алаяқтан сақтанудың тәсілдері жазылған арнайы жаднамаларды таратуда.
© Didarbek.kz