Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Асар-2 шағынауданы Бойтұмар көшесінің тұрғындары сенбілікке шықты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар көше бойындағы шөптерді орып, қоқыстарды жинады. Абай ауданы әкімшілігі арнайы техникамен қамтамасыз етті. Аталаған іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
Аудан тазалығы баршамызға ортақ! Сондықтан барша тұрғындарды сенбілік жұмыстарына атсалысуға, тұрғын үйлердің, аулалардың және көшелердің аумағындағы тазалық шараларына өз үлестерін қосуға шақырамыз!
© Didarbek.kz