Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ» ФЕСТИВАЛІ ЖЕҢІС АУЫЛЫНДА

«АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ» ФЕСТИВАЛІ ЖЕҢІС АУЫЛЫНДА

⚜️ Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Жеңіс ауылдық округінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и осветительное оборудование
⚜️ Жеңіс ауылының ардагерлері аудан орталығында болып, Темірлан монументі, Шәмші Қалдаяқов атындағы аллея, «Этноауыл», «Темірлан» спорт кешенінің құрылысы, Самал-3 мөлтек ауданындағы коммуналдық тұрғын-үй құрылысы мен Аббасов көшесі бойындағы аббаттандыру жұмыстарымен танысып, Құртай каналы бойындағы демалыс аймағын аралады.
⚜️ Арнайы ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдері, қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.
Ауыл ақсақалдарына арналып әзірленген мерекелік дастархан басында аудан әкімі ауылдың тыныс-тіршілігімен қоса, зиялылардың ел әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныс пікірлерін тыңдап, ел ағаларының батасын алды.
Возможно, это изображение 1 человек, танцует, осветительное оборудование и толпа
⚜️ Аудан әкімі Азат Оралбаев жеңістіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның 60 жылдығы аясында ел игілігіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.
Шара мерекелік концертке ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу