Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібаста жаңа тұрғын үйлердың құрылысы бастау алды

Түлкібаста жаңа тұрғын үйлердың құрылысы бастау алды

Жылдан –жылға көркейіп келе жатқан Т.Рысқұлов ауылында жаңа мектептер мен тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс кестесіне сәйкес аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы Нұршуақ мөлтек ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Биылғы жылдың мамыр айында бастау алған 2 қабатты 20 пәтерлі 2 тұрғын үйлер жыл соңына дейін яғни қыркүйек –қазан айларында 40 пәтердің кілті ауыл тұрғындарына берілмек. Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы тиісті бөлімдер мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы тапсыруды жүктеді. Сонымен қатар аудан әvкімі Н.Ізтілеуов Т.Рысқұлов ауылындағы Бақыбек мөлтек ауданына аялдап, 2 қабатты 20 пәтерлі жаңа тұрғын үйлердің құрылысымен де танысып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстары жұмыс кестесіне сай аяқтауды міндеттеді.

Пікір жазу