Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТҮЛКІБАС: БЮДЖЕТТІҢ КІРІС КӨЗІН ҰЛҒАЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА!

ТҮЛКІБАС: БЮДЖЕТТІҢ КІРІС КӨЗІН ҰЛҒАЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА!

Түлкібас ауданында тұрғындардан түскен өтініштердің денің қанағаттандыру тікелей қаржыға келіп тіреледі. Көтерілген мәселелердің заңды шешімін табуына бюджет қаржысының жетіспеушілігі қол байлау болатындығы айтпасада белгілі.
Осы ретте, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіміне тікелей әсер ететін бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Ағымдағы жылдың 6 айында салық түсімдерінен 3 639,8 млн.теңге қаржы бюджетке түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109 пайызды құраған. Оның 46,7 пайызы мемлекеттік мекемелерден, 30,2 пайызы шаруашылық субектілерінен, 23,1 пайызы жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден.
Бұл туралы аудандық мемлекеттік кірістер бақармасының басшысы У.Халмуратов баяндады.
Аудан әкімінің аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту тапсырмасына сәйкес, жыл басынан бері аудан әкімдігінің жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, елді мекендерге рейдтік шаралар нәтижесінде салық төлеуден жалтарынып жүрген 7 кәсіпкерлік нысан анықталып, құжаттарын заңдастыру жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, табыс тауып отырған нысандары аудан аумағында орналасқан бірақ, басқа аймақтарға тіркелген 32 кәсіпкерлік нысан аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген.
Бұдан бөлек жиында аудан аумағындағы заңсыз құрылыс жұмыстарын жою барысы мен сырқы жарнама мен көрнекі үгіт құралдарын ретке келтіру мәселесі талқыланды.
Жыл басынан бері рейдтік шаралар барысында аудан аумағында 34 заңсыз құрылыс нысандары анықталып, соның 26-сы облыстық құзырлы мекемелерге мен сотқа жолданған.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауаптылардың баяндамасынан соң жиынды қорытындылаған Нұржан Жақсылықұлы, сырты жарнамалардың бекітілген заң нормаларына сай болуы, кәсіпкерлік нысандардың келбеттерін біркелкілендіру, қызыл сызыққа шығып кеткен ғимараттар мен заңсыз құрылыстарды ретке келтіру, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандардың құжаттарын заңдастырып, салық базасына тіркеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жұмысты барынша жандандыру мақсатында жұмысшы топтар құрып, аппарат басшысына жұмысын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

Пікір жазу