Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Аппараттық мәжілісте Түлкібас ауданының даму бағыты қаралды 

Аппараттық мәжілісте Түлкібас ауданының даму бағыты қаралды 

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мердігер компаниялардың жауапты мамандары қатысты. Ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайы сарапталатын жиында негізгі 3 мәселе қаралды. Бюджеттің игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу бағытындағы мәселелер төңірегінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ.Егембердиев баяндама жасады. Бөлім басшысының баяндамасын тыңдаған аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы атқарылған жұмыстарды сараптай келе, бөлім басшысына алдағы жиында тек сандық көрсеткіштерді емес нақты жұмыстардың орындалмауының себебін сараптап айтуды тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы межені толық орындай алмай келе жатқан бөлімдердің жұмысын сынға алып, аз уақыт ішінде жоспарды толық орындауды тапсырды. Екінші мәселе “Ауыл- Аманаты” бағдарламасының орындалуы және су үнемдеу технологиясын өндіру туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Еркебаев баяндама оқыды. Жоба бойынша жұмысты нақтылап сұраған аудан әкімі келесі жиында аталған дүниелерді пысықтап келуді тапсырды.
Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының м.а А. Қоқыров баяндама жасады. Баяндамада шомылу маусымы кезіндегі сақтық шаралары және өрт қауіпсіздігі төңірегіндегі түрлі мәселелер қаралды. Шомылуға тыйым салынған аймақтарды шолып өтіп, азаматтарға ескерту жұмыстарын ауыл әкімдері тарапынан күшейтуді өтінді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы жұмыстарды пысықтап, алдағы жиында тиісті мекеме басшыларының жиынға шақыртылуын және оқылатын баяндамада мәселелер толық қаралып, зерделенуін тапсырды. Аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары және округ әкімдері бірлесе жұмыс жасап, межеленген көрсеткіштерді орындауды талап етті.

Пікір жазу