Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент қаласында «Журналистер алаңы» пайда болуы мүмкін

Шымкент қаласында «Журналистер алаңы» пайда болуы мүмкін

Шымкент қаласының әкімі БАҚ қызметкерлі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, үздіктерді марапаттады. Еске салсақ, 28 маусымда елімізде «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» аталып өтеді. Осыған орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, БАҚ қызметкерлері қала басшысының қолынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар алды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына БАҚ өкілдерінің қосатын үлесі мол әрі қоғамда маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтіп, алғысын білдірді. — Журналистерге еңбектері мен мамандыққа адалдығы үшін ризашылығымды білдіремін. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Күн сайын журналистер бізді соңғы жаңалықтармен таныстырып, уақыттың тынысын айқындайды. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жемісті жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтқым келеді. Құрметті БАҚ қызметкерлері! Біз сіздермен халық игілігі жолында жұмыс істейміз! Баршаңызға бақыт, денсаулық, амандық, жаңа жобалар мен шығармашылық табыс тілеймін! — деді Ғабит Әбдімәжитұлы БАҚ өкілдерін құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, үшінші мегаполис әкімі қала тұрғындарының «Спутник» алаңын Журналистер алаңы деп өзгерту туралы бастама көтергенін айта келіп, осынау игі бастаманы қолдайтынын және ономастикалық комиссияның қарауына ұсынуды тапсырғанын да айтып өтті. Мерекелік іс-шарада төртінші билік өкілдеріне арналған ән шашумен жалғасты. Айта кету керек, бүгінде Шымкентте ресми түрде 176 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Олар күн сайын қоғам мен билік арасында диалог орнатуда өз үлестерін қосуда.
Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.

Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым — «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді.

2011 жылдың қазанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Мерекеден тыс елімізде тілшілер арасында жыл сайын дәрежелі байқаулар жарияланып, төртінші билік ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

 

Пікір жазу