Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте шетелдік блогерлер үшін туристік нысандарға тур ұйымдастырылды

Шымкентте шетелдік блогерлер үшін туристік нысандарға тур ұйымдастырылды

Шымкент қаласында шетелдік блогерлер үшін туристік нысандарға тур ұйымдастырылып, үшінші мегаполистің келбеті таныстырылды. Қаланың имиджін арттыру арқылы туристердің санын көбейтудің бірден-бір жолы – туристік нысандарды жарнамалау. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен өткен 3 күндік іс-шараға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Латвия, Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің бірқатар өңірінен келген 30 travel-блогер қатысты. Олар Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерін, Қошқар ата өзенін, Сейітжан Қари мешітін, Дендропарк пен Зоосаябақты және Цитадельді аралап, өз парақшаларында қаланың туристік нысандары туралы материалдар жариялады. Әрбір блогердің 30 мың 400 000 мың аралығында оқырманы бар. Оларға гастрономиялық дәстүрлі қазақ тағамдары, мұражайлар, креативті арт-кешендер мен саябақтар, өндірістік зауыттар таныстырылды.
Бүгінде туризм дүниежүзі бойынша ең табысты бизнес түріне айналып отыр. Осыдан біраз жыл бұрын ақшасы бар қазақ шетелдерге шығып, ел-жер көруге құмар еді. Бүгінде шетелдіктер тарапынан Қазақстанға қызығушылық жоғары.

Алайда, бізде туризмді дамытуға әлі де кедергі көп. Шымкентке туристерді көп тартамыз десек, баға қолжетімді, қызмет сапалы болуы керек.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы айда қалаға 420 398 турист келген. Басқарма басшысының айтуынша, Шымкентке туристер ағыны наурыз-сәуір айларында басталатын көрінеді. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 72 спорт орталығы, 10 саябақ, республикалық маңызы бар 7 сакралды нысан, 3 326 тамақтану орны, 100-ден астам туристік нысан орналасқан.

– Биыл Солтүстік Қазақстан бағытында – Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан бағытында – Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс Қазақстан бағытында – Өскемен, Семей, Орталық Қазақстан бағытында Жезқазған, Қарағанды қалаларына рейстер ашылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер жүреді. Алдағы уақытта Шымкент қаласының темір жол ішінде және жаңа әуе терминалында туристік ақпараттық киосктар қойылады. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысынан кейінгі 4-орынды иемденіп отырмыз. 2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша 6,2 млрд теңгені құрайтын жеке инвесторлар қаржысына 6 жобаны – түрлі санаттағы қонақүйлерді іске қосу жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы қонақүйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді, –деді басқарма басшысы.

 

Пікір жазу