Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды талқылап, мамандардың ұсыныстарын тыңдады.
Сенат депутаты азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруда департаменттің жұмысы ауқымды екенін атап өтті.
-Шымкент қаласында аса ауыр қылмыстар саны азайып отыр. Әрине, жұмыс күші, материалдық жабдықтау бойынша әлі де мәселелер бар. Қала әкімдігі мен департамент арасында жақсы байланыс орнатылғанын көріп отырмын. Жалпы профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Ендігі ретте қызметкерлердің материалдық жағдайын назардан тыс қалдырмау керек. Ынталандыру шараларын әрдайым назарға алыңыздар, — деді Сенат депутаты.
Шымкент қаласы аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминогендік жағдай бір қалыпты – қылмыстардың жалпы саны -27,1 пайызға төмендеген. Қылмыстың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда -25,9 % азайған.
«Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасы 5 ауданда құрылып, ведомствоаралық топтар жұмыс атқаруда. Проблемалық аумақтарды анықтау жұмыстары жүргізілген.
Жиында қызметтің сапасын жақсартуда бірқатар ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық сотының судьяларымен кездесіп, сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы реформалар, жаңашылдықтар тақырыбында жиын өткізді.

Жиынға алқа төрағалары мен судьялары, жергілікті соттардың төрағалары және Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Сенатор жиында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізгелі тұрған өзгерістерден хабардар етті.
Сонымен қатар, алқа судьялары Назира Аманқұлова және Виталий Мирошников «Сот жүйесін реформалауға және практикада құқық қолдануға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау мәселелері» туралы баяндама жасады.
Кездесуде қалалық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болғанын атап өтіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмалардың жүйелі орындалып жатқанын жеткізді.

Пікір жазу