Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРҒА» ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРҒА» ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, аудандық Мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігіміздің тұрақтылық символы айналған Ата Заңның қабылданғанына биыл – 29 жыл.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Конституция қабылданғаннан бергі өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылатынын айтқан аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын мерекемен құттықтады.
Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Осы тарихи құжат арқылы біз еркіндігіміздің негізін, тәуелсіздігіміздің іргетасын бекіте түстік. Бұдан былайғы кезеңде де тәуелсіз ел ретінде өркендей беруіміздің кепілі бола береді. Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
— Қазақстан Республикасы — зайырлы, құқықтық мемлекет. Сол себепті, күнделікті өмірде кездесетін кез-келген мәселеден бастап, күрмеуі қиын күрделі проблемаға дейін Ата Заңның негізінде шешімін табады. Айбарлы Ата Заңымызды құрметтеп, оның әрбір баптарын сақтай білейік. Конституциямыздың мерейі артып, ел өмірінің дамуына, әлеуметтік-құқықтық жағдайының жақсаруына қызмет ете берсін деп тілеймін. деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.
Береке мен бірлігі жарасқан, 20 дан астам этнос өкілдері мекен еткен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде. Қазіргі кезде Төлеби ауданындағы 55 елді мекен табиғи газбен 100 пайыз қамтылып, 54 елді мекен орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылған. 150 ге жуық көшелерге түнгі жарық шамдары орнатылып, көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Биылғы жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден, 33 білім ошағы ағымдағы жөндеуден өтуде. Аудан қарияларының денсаулығын түзеп, бос уақытын тиімді өткізуге арналған «Жарқын өмір, Тең қоғам» секторы іске қосылды. Ауданның өркендеуі мен дамуы жолындағы игілікті істер жалғасын табуда.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Мерекелік жиында еліміздің кемелденуі жолындағы игілікті еңбектерінің нәтижесінде биік абырой мен беделге ие болған азаматтарға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Төлеби ауданының «Құрметті азаматы» атағы табыстады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу