Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АУДАНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты іс шараға аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат депутаттары, прокуратура және сот қызметкерлері, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение 8 человек, люди танцуют и текст
Жиынға келген қонақтар алдымен аудандық орталық кітапхананың «Ата Заңым-айбарым» атты кітап көрмесін тамашалады.
Мұнан соң мерекелік жиынның ашылуында Мемлекеттік Әнұранымыз орындалып, көпшілік ерекше тебіреніспен қосыла шырқады.
Шара барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен тәуелсіздігін сақтауға қызмет етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысын айтты.
Возможно, это изображение 12 человек, помост и текст
Аудан басшысы өз сөзінде: Сіздерді еліміздің ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел дамуының басты бағдаршамына айналған Конституциямыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік — саяси дамуын жеделдеткен конституциялық реформаларға сәйкес мемлекеттік биліктің бір тұтқасы болып халықаралық деңгейге көтерілді. Осынау қол жеткен жетістіктерді баянды ете отырып, оны ары қарай жалғастыру елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың абыройлы борышы екендігі даусыз. Ата Заңымыз асқақтап, абыройлы болса, елдің мәртебесі биіктеп, халық — аңсаған арманына жетеді. Барлық отырарлықтарды, Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін»,-деді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Салтанатты жиында аудандық мәслихат депутаты Нұржан Орынбасар көпшілікті айбынды еліміздің айтулы мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналған Ата Заңымызды әрбір азамат құрметтеуге міндетті екенін атап өтті.
Шарада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар облыс әкімінің және аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Мерекелік шарада аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бөрібеков Медет Құралұлы баяндама жасап, өз баяндамасында конституция — заң үстемдігінің берік орнап, қоғамның ілгері дамуына қызмет ететін айрықша құжат екеніне айрықша тоқталды.
Возможно, это изображение 1 человек, учится и толпа
Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген салатанатты іс –шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндерді нақышына келтіре орындады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу