Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

Мемлекеттің ең басты тірегі ол білімді ұрпақ. Қай мемлекетті алып қарасақ та ел дамуындағы басты назарды білім беру бағытына қаратады,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение текст
Білім беру саласы ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» — деп басып айтқан болатын.
Осы орайда замана талабына сай мектептер салу, оқушылар мен педагогтарға білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау бағытында Қазығұрт ауданында ауқымды істер атқарылуда. Биылдың өзінде жаңа оқу жылының қарсаңында 2 мемлекеттік мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, бүгінгі күні Қақпақ ауыл округінде 300 орындық «Дүйсенов Айтбай» атындағы жекеменшік зияткерлік мектебі ел игілігіне табысталды. Сонымен қатар, Қазығұрт ауыл округінде орналасқан «Kazygurt Intellectual School» жекеменшік зияткерлік мектебінің өрісі кеңейіп, жаңа ғимараттың ашылуы болып өтті. Атаулы мектептің жаңа ғимараты мен материалдық базасы заманауи техникалармен нығайтылып, 400 оқушыға дейін қабылдау мүмкіндігіне ие болды.
Возможно, это изображение 1 человек, помост, отдел новостей и текст
Жекеменшік қос мектептің салтанатты жиынына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Білімді және бірнеше тілді меңгерген, зерек ұрпақты тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін тілге тиек етіп, мектеп ұжымына осынау жауапты жұмыстарда шығармашылық табыстар тіледі. Жаңа ғимараттардың лентасын қию рәсіміне қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу