Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ КҮНІНДЕ ЕКІ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ КҮНІНДЕ ЕКІ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Биылғы жаңа оқу жылына орай, Төлеби ауданында Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық мектебінің, Көксәйек елді мекеніндегі аудандық саз мектебінің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Тағайна жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев қатысып, ұстаздарды, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен, ел игілігіне берілген ғимараттың ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Өңірде білім сапасын арттыру және оқушыларды ғылымға бағыттау мақсатында жұмыстар қолға алынғанын айтқан аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы білім беру ісіндегі жетістіктерге де тоқтала кетті.
Возможно, это изображение 8 человек, ребенок и текст
— Тәуелсіз елдің тірегі – білімді де білікті ұрпақ десек, қазіргі дәуірдің басты мақсаты оқушыларға халықаралық дәрежеде сапалы білім және саналы тәрбие беру. Ауыл халқының көптен күткен білім ордасының құрылысын мердігер мекеме «Дос и К сервис» ЖШС жүргізді. Құны 925 млн теңгені құрады. Мектеп ғимаратының құрылысын жобада көрсетілген мерзімде аяқтаған мердігер мекеме алғысымды білдіремін, деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
Жаңадан салынған мектепте оқушылардың тиянақты білім алуы үшін жан-жақты жағдай жасалған. Қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетерлігі, Төлеби ауданында тозығы жеткен 3 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстары, 33 мектеп ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 3 мектептің құрылысы аяқталуға жақын.
Возможно, это изображение 7 человек и ребенок
Ұрпақ тәрбиесі мен біліміне жауапты ұстаздар қауымына биылғы жылы да үлкен жауапкершілік жүктелуде. Төлеби ауданындағы білім беру ұйымдарында 29 мыңға жуық оқушы білім алса, жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 2535 оқушы қабылданды. Биылғы жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымының саны екеуге артып, жалпы 6703 бала тәрбие және оқумен қамтылуда. Ауданда бүгінгі таңда 3677 мұғалім жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен тәрбие беруде.
© Didarbek.kz

Пікір жазу