Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

⚜️Еліміз бойынша қыркүйек айында аталып өтілетін Отбасы күнінің құрметіне орай Түркістан облысы ПД жеке құрамының қатысуымен “Отбасы-отан тірегі” тақырыбында танымдық рухани шара өтті. Жиынға исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев арнайы шақыртылды,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся и помост
Басқосудың басты мақсаты-отбасы құндылығын насихаттау, жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Онда отбасы татулығы, ұрпақ тәрбиесі турасында келелі әңгімелер өрбіді.
Кездесуде сөз сөйлеген Арман ұстаз көтерілген тақырып бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты. Яғни «Отан отбасынан басталады» деген халықтың дана сөздерін келтіре отырып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді. Ол жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін, мәдениеттілігін тәрбиелеу жолындағы алғашқы қадамы отбасыдан келетінін алға тартты. Ел қауіпсіздігі жолында қызметте жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Возможно, это изображение 1 человек
Жиын соңында тәртіп сақшыларымен пікір алмасып, сұрақтарына жауап беріп, еркін форматтағы ой алмасу орнады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу