Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Аудан тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер жыл сайын кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді

Аудан тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер жыл сайын кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бекназаров Ерлан Нұрланұлы баяндады.
Бүгінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар жылдың соңында аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумағын электр жарығымен қамту жұмыстары басталды. Жұмыстардың аяқталуына орай, қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Қаратау ауданы аумағында 603 үй бар. Оның ішінде 52 үй жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы 9 үй жарықтандырылса, 2024 жылы 13 үйді жарықтандыру жоспарланған. Олар: Арғынбеков көшесіндегі 8 үй, ӘІО аумағындағы 5 үй. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай ақ аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстар бойынша аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып, 2023 жылы 17 орынға ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізілген. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.
Ал, көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданған.

Пікір жазу