Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024 жылдың I жартыжылдығындағы Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар.
Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Инфрақұрылым: Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
— Ауыз сумен 97%-ға;
— Электр жарығымен 99,8%-ға;
— Табиғи газбен 90,7%-ға;
— Кәріз жүйесімен 41%-ға
— Асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Ал кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрайды.
Еңбекші ауданының қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
Ал электр жарығы бойынша аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құраған.
2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылған.
Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.