Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАРАТАУ АУДАНЫ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 98 ПАЙЫЗ

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 98 ПАЙЫЗ

Қаратау ауданында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен атқарылып, ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерлан Бекназаров айтты.
2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталып, осы жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 пайыз. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған.
Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстар аяқталса, қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайының жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған іс бітсе, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайыз болады.
Сонымен қатар, аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып, 2023 жылы 17 орынға, ұзындығы 15,1 шақырым ирригациялық жүйелер салу жұмыстары атқарылды. 2024 жылы 11 орынға, 9,5 шақырым ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіледі. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.
Сондай-ақ, 2024 жылға дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру жоспарланған. Аудан аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Аталған жұмыс Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылады.
Ал, 2024 жылы аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, барлық көшелерде жұмыстар басталған және аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауына алынған.
Қаратау ауданы аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 8 гүлзар пайдалануға беріледі.

Пікір жазу