Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент: туризм салалық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында туризм салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда туризмге байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жиынға Палата қызметкерлері, туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы, кәсіпкерлер қатысты. Қалалық әкімдік өкілдері Шымкенттің туристік әлеуеті жоғары екеніне тоқталды.

«Шымкент қаласына соңғы 3 айда 112 мыңға жуық турист келген, оның ішінде 104 мың адам – ішкі турист болса, 7 мыңнан астамы – шетел азаматтары. Қаламызда туризмге қатысты жалпы құны 7 млрд теңге болатын 8 инвестициалық жоба жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылы 5 жұлдызды қонақ үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұның барлығы Шымкенттің туристік тартымдылығы жоғары екенін білдіреді. Осы орайда туризм саласындағы кәсіпкерлерді бірге жұмыс істеуге шақырамыз», – деді Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов.

Жиында кәсіпкерлер саябақтарға көпшілік тамақтану орындарын орнату бойынша ұсыныстарын жеткізді. Айтуларынша, қыдырып жүрген азаматтар, оның ішінде шетелдік туристер тамақтану орындарын іздейді әрі жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын сатып алуды қалайды. Бұл ұсынысқа Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері ерекше қорғалатын табиғат аймақтары туралы заңға сәйкес, мысалы, дендросаябақ ерекше қорғауға жататынын айтты.

Тамақтану орындарын саябақтардың ішінде емес, тек аумағының сыртында, көлік тұрағында орналастыруға болады дейді басқарма өкілі. Оның ішінде тек белгілі бір өнімдерді ғана сатуға рұқсат етіледі.

Дегенмен, кәсіпкерлерге кейбір саябақтардағы белгілі орындарға дайын өнімдер сатуды ұйымдастыру үшін өздерінің концепцияларын әзірлеп, ұсыныстарын тиісті басқармаға жазбаша жеткізуге болатыны түсіндірілді.

Пікір жазу